Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Бизнес объектілері үшін кедергілерді азайту, қайта реттеуді жүргізудің өзектілігі»

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында басыңқы бағыттардың бірі Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру болып табылады.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі түрінде функционалдық негіз қалыптасты: Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 қаулысына сай, 2017 жылғы 14 сәуірде тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті болып қайта құрылды.

Қазақстанда халықтың денсаулығын нығайту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің алдына қойған міндеттерінің бірі болып табылады. Осы саланың қызметі өмірдің барлық кезеңдеріне: сәбилерді вакцинациялау мен мектеп медицинасынан бастап, салауатты тәртіп, экологиялық қауіпсіздік, жастар мен ересектер арасында еңбек тазалығы мәселелерімен қарттардың созылмалы дегенеративті ауруларын ескертуі мен тамақтануының рационалдығына дейінбағытталған. Осының барлығы Елбасымыздың  қазақстандықтар өмірінің ұзақтығын көбейту және сапасын жақсарту бойынша  қойған міндеттерін шешу үшін жасалды.

Екібастұз аймағында, сонымен қатар басқа да барлық өңірлердегі қоғамдық тамақтану, білім беру, коммуналдық қызмет көрсету және өнеркәсіп кәсіпкерлері «еркін демалатын» болады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпкерлік үшін нарықты либерализациялау бойынша жұмыстың негізгі нәтижелерін ұсынды. Бизнес өкілдеріне арналған кедергілерді азайту санитарлық қағидаларда көрініс тапты, мұнда өзгерістер енгізілді. Қазақстанда санитарлық талаптар бизнестегі әкімшілік бөгеттерді азайтуға арналған әр түрлі салада енгізілген заманауи технологиялар мен мүмкіндіктер есебімен жаңартылды.

Бүгінгі таңда қайта қаралған санитарлық қағидаларда ең эпидемиологиялық маңызды талаптар қалды. Мысалға құрылыс нормалары мен қағидалары енді  санитарлық қағидалардан алынып тасталынды. Ал коммуникацияға қатысты алаңдарды пайдалану, желдетілім сияқты мәселелер нысандарды жобалаған және құрылыс кезінде бақыланады.

Жылдың соңына дейін Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 11 санитарлық қағиданы қайта қарап, талаптарды оңтайландыру мен ырықтандыру арқылы 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 12 санитарлық қағиданы бекіту жоспарлануда.

Бұдан бұрын барлық тексерілетін объектіге қызмет түрі (мысалы, қоғамдық тамақтану немесе өнеркәсіптік объект, немесе денсаулық сақтау объектісі және т.б.)көрсетілмеген көптеген сілтемелік талаптары (11 мыңға дейін) бар 83 тармақты 1 тексеру парағы бекітілген болатын. Бүгінгі таңда субъектілердің (объектілердің) бір атаулы топтарына қатысты қолданатын жеке тексеру парақтары әзірленді және бекітілді.  Осы ұсынымдарды іске асыруда қызмет салалары бойынша 41 тексеру парағы қабылданды. Тексеру парақтарындағы талаптар 6,3 есеге(11000-нан 1740-қа дейін) қысқартылғандығын және құрамына  үрдістердің және қызмет көрсетулердің қауіпсіздігіне ықпал ететін талаптар енгендігін айта кету қажет.

Қайта реттеу элементтерінің бірі болып ерекше тәртіп бойынша тексерістің альтернативасы болып санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу саналады. 2015 жылғы 17 наурыздағы №216 «Санитариялық-эпидемиологиялық аудаитті жүргізу ережелері» бар. Егерде тәуелсіз аудиторлық ұйым объектінің санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы қорытынды беретін болса, онда бұл объект ерекше тәртіп бойынша  мемлекеттік органның жүргізетін тексерісінен босатылады.