Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия отырысы

2017 жылы 11 желтоқсанда Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Аталған отырысқа Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның мүшелері, қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.

Отырыста құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың құқық бұзушылық пен қылмыстың  профилактикасы және жолын кесу бойынша  жұмыстарды  ұйымдастыруы туралы мәселе қарастырылды.

         Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Екібастұз қаласының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын 2017 жылы іске асыру туралы қарастырылды.

Жалпы атқарылып жатқан жұмыстар Елбасының тапсырмасын орындауға бағытталған.