Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Балықшылар қауіпсіздігі мақсатындағы рейд

Кезекті рейдтті а.ж. 9-10 желтоқсанында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, төтенше жағдайлар басқармасының, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері және Екібастұз қаласының телеарна тілшілері қысқы балық аулау сүйетіндердің жалпылай мұзға шығу орындарында өткізді. Осы шара 2017-2018 жылдардағы қысықы кезеңде Екібастұз қаласының су қоймаларында демалыс күндерінде өткізілетін рейдттік іс-шаралар графигімен жүргізілді. Қазіргі уақытта мұз жамылғысы жеткілікті түрде берік емес. Мұз қалыңдығы аязды күндердің болмауына байланысты қауіпсіз 10 сантиметрге дейін әрең жетеді. Сонымен Екібастұз өңірінің құтқарушылары және қызметкерлері су ішетін су қоймасында және ГРЭС-1 және ГРЭС-2 су қоймаларындағы жағдайларға алаңдауда. Ол жерде су астындағы аулауды сүйетіндер Екібастұз қаласы және маңынан өз автокөліктерімен келуші тұрғындарды бақылауға болады. Бүгінгі күні аймақта су айдындарында қауіп-қатер әлі де сақталуда, дәлірек айтқанда жұқа мұздың қауіпі. Осы жолы рейдттік іс-шара кезінде қызметкерлермен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383 бабтың 1 бөлімі бойынша балықшылар арасында бұзушылық анықталды және Екібастұз қаласы ЖҚП ІІБ қызметкерімен балық аулау әкімшілік бұзушылық хаттамасы толтырылды.

Құтқарушылар ең алдымен балықшыларда құтқару құралдарының барына назар аударып, кейін негізгі қауіпсіздік ережелері бойынша кеңестер, мұз үстіне шыққан кезде қандай қауіп-қатер туындауы мүмкін екендігін түсіндірді. Сонымен қатар балықшыларға судағы жүріс-тұрыс ережелері және құтқару қызметінің телефоны көрсетілген үнпарақтар таратылды.