Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 2 ХАБАРЛАМАСЫ

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының

2013 жылғы 7 тамыздағы

№ 2 ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі  № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 57-тармағы негізінде Теміржол ауылдық округінің әкімі  болып тіркелді:

Қасенәлин Ерлан Ермұратұлы, 1961 жылы туған, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Теміржол ауылдық округінің Құлакөл ауылында тұрады.

        

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы