Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Нан – тамақтың атасы»

Ағымдағы жылдың 30 қараша мен 18 желтоқсан аралығында ұнды фортификациялауды насихаттау және Павлодар облысы халқы арасында кең сұранысты қамтамасыз ету бойынша медиа-жоспарда қарастырылған іс-шараларларды іске асыру аясында Екібастұз қаласының жалпы білім беру ұйымдары арасында «Нан – тамақтың атасы» науқаны жүргізіледі.

Ұнды фортификациялау құрамын темір қосындысымен байыту үрдісі болып табылады, ол  микроэлементтердің тапшылығы мәселесін шешеді және адамның денсаулығының нығаюына мүмкіндік беретін балансталған тағамының қажетті шарты болып саналады.

Бүгінгі таңда тағам азық-түліктерінің көпшілігі технологиялық өңдеулер нәтижесінде  өзінің пайдалы қасиеттерінен арылады. Олардың орнын қайта толтырудың жақсы тәсілі – байыту. Осылайша ұн халыққа қажетті микроэлементтердің «жеткізудің» ең ыңғайлы, әрі оңтайлы тәсілі болып есептеледі, оны дәрумендер мен микроэлементтермен фортификацияланғаннан соң ұн расында да пайдалы.  Дамыған мемлекеттерде ұбидай ұны В1, В2, ниацин және темір дәрумендерімен байытылады. Кейбір мемлекеттерде кальций және фолий қышқылы, сонымен қатар А және Д дәрумендері де қосылады. Нанның белгілі сорттарын микроэлементтермен және дәрумендермен міндетті байыту «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»Қазақстан Республикасының Кодексімен қарастырылған.

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бас маманы                                                          Б.У. Абдрахман