Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Солнечный поселкесі әкімінің міндетін атқарушы «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің кейбір көшелері және өтпе жолдарың қайта атау туралы» шешімінің жобасы

Жоба

 

 

Шешім

  

 

Екібастұз қаласы Солнечный 

поселкесінің кейбір көшелері

және өтпе жолдарын

қайта атау туралы

   

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының                14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Солнечный поселкесі тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссисияның 2017 жылғы 25 қазандағы қорытындысы негізінде, Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің кейбір көшелері мен өтпе жолдары қайта аталсын:

«Ауэзова» көшесі «Мұхтар Әуезов» көшесіне;

«Дружба»  көшесі «Бейбітшілік» көшесіне;

«Интернациональная» көшесі «Достық» көшесіне;

«Мира» көшесі «Абай» көшесіне;

«1» өтпе жолы «Қаныш Сәтбаев» өтпе жолына;

«2» өтпе жолы «Береке» өтпе жолына;

«3» өтпе жолы «Энергетик» өтпе жолына;

«4» өтпе жолы «Өндіріс» өтпе жолына;

«Зеленый» өтпе жолы «Тәелсіздік» отпе жолына.

2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

       Солнечный поселкесі

   әкімінің міндетін атқарушы                                          М. Алшимбаева 

                     ПРОЕКТ