Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ҚҰРМЕТТІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР!

Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің төлеу мерзімін еске салады.

Сонымен қатар, салық төлемдерін,әлеуметтік аударымдар сомаларын, міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы толық төлеулеріңізді, және де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы уақтылы және толық төлеулеріңізді сұрайды.

Сондай-ақ, салық міндеттемелері уақтылы орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық бұзушылық туралы  Кодексінің 91,92, 92-1, 279 және 288 баптарына сәйкес құқықтық бұзушылық іс-шараларын қолданатынын ескертеді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылдың 30 маусымындағы №296-IV Кодексінің 157 бабыны4 2,3,4 тармақтарына сәйкескКедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайларда кеден органдары келесі тәртәппен төлеушілерден өндіріп алады: кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек қалыптасады. ҚР Кедендік кодексінің 161 бабында көрсетілген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер және (немесе) салықтың өзге түрі бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен кеден өндіріп алады.

Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеуді қамтамасыз етудің мынадай тәсілдері қолданылады:төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару.

Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу келесі тәртіп бойынша қамтамасыз етіледі:төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен;төлеуші дебиторларының шоттарынан; төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану әрекеттерін жүзеге асырады.

Барлық салық және басқа да міндетті төлемдерін төлеу негізінде сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі мекенжайға хабарласуға болады: Екібастұз қаласы бойынша МКБ (өзг. Салық басқармасы) Екібастұз қаласы, Мәшхүр Жүсіп көшесі, 94 үй (202 каб.), байланыс телефондары: 77-16-97, 77-16-66, 77-16-60.