Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шиқылдақ ауылы әкімі міндетін атқарушысының «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының көшелерін қайта атау туралы» шешімі жобасы

Жоба

  

Шешім

  

Екібастұз қаласы

Шиқылдақ ауылының

көшелерін қайта атау туралы

   

 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» Заңының 14-бабы  4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2–тармағына сәйкес, Шиқылдақ  ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық  ономастика комиссиясының 2017 жылғы 25 қазандағы қорытындысы   негізінде, Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының келесі көшелері:

«Кирова» көшесі «Тәуелсіздік» көшесі болып;

«Механизаторская» көшесі «Бейбітшілік» көшесі болып;

«Приозерная» көшесін «Сарыарқа» көшесі болып қайта аталсын.

2.  Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

Шиқылдақ ауылы

әкімінің міндетін атқарушы                                                     Г. Енсебаева