Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің «Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі көшелері мен переулоктарын ауыстыру туралы» шешімінің жобасы

ЖОБА

 ШЕШІМ

  

Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің

көшелерін және тұйық көшесің

қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шідерті поселкесі тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссисияның 2017 жылы 25 қазандағы қорытындысына сәйкес, Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің кейбір көшелері мен тұйық көше қайта аталсын:

«Водопроводная» көшесі «Құрманғазы» көшесіне;

«Горняков» көшесі «Кеншілер» көшесіне;

«Графтио» көшесі «Әлия Молдағұлова» көшесіне:

«Железнодорожная» көшесі «Сұлтанмахмұт Торайғыров» көшесіне;

«Калинина» көшесі «Достық» көшесіне;

«Комсомольская» көшесі «Бейбітшілік» көшесіне;

«Ленин» көшесі «Қаныш Сәтбаев» көшесіне;

«Маргулан» көшесі «Әлкей Марғұлан» көшесіне;

«Мира» көшесі «Бөгенбай батыр» көшесіне;

«Сельская» көшесі «Қабанбай батыр» көшесіне;

«Спортивная» көшесі «Мәшһүр Жүсіп» көшесіне;

«Степная» көшесі «Желтоқсан» көшесіне;

«Центральная» көшесі «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» көшесіне;

«Юности» көшесі «Жастар» көшесіне;

«Юбилейная» көшесі «Ыбырай Алтынсарин» көшесіне;

 «Мира» тұйық көше «Бірлік» тұйық көшесіне.

2.  Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Шідерті поселкесі әкімінің

                міндетін атқарушы                                                           А. Егинбаева