Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімі «Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі Төрт-Құдық ауылының көшесін қайта атау туралы» шешімінің жобасы

Жоба

  

Шешім

  

Екібастұз қаласы

Төрт-Құдық ауылдық округі

Төрт-Құдық ауылының

көшесін қайта атау туралы

  

 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының   14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы   23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2–тармағына сәйкес, Төрт-Құдық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссисияның 2017 жылғы 25 қазандағы қорытындысы негізінде, Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі Төрт-Құдық ауылының «Ленин» көшесі «Қаныш Сәтбаев» көшесі болып қайта аталсын.

2.Осы шешімнің орындалуын өз бақылауымда қалдырамын.

3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

  

Төрт-Құдық ауылдық округі

 әкімінің міндетін атқарушы                                                    Б.Тасымов