Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Физикалық белсенділік – салауатты өмір салтының негізі!

Салауатты өмір салты  - тиісті тамақтану, физикалық белсенділік, позитивті  моральді ойлау және зиянды әдеттерден бас тарту арқылы денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған өмір салты.

Физикалық белсенділік салауатты өмір салтын негізгі аспектілері болып табылады. Ол адамды тек физикалық жағынан сүйкімді етіп қоймайды, сонымен қатар оның денсаулығын айтарлықтай жақсартады, өмірінің ұзаруына позитивті ықпал етеді. Адамның өмірі үшін қауіпті жүрек және ми қан тамырлары ауруы, қант диабеті, ісік сияқты аурулардың даму тәуекелі әлдеқайда төмен болып саналады.

Ересек адамдар арасында тиісті деңгейде үнемі  физикалық белсеңділікте болса, денсаулыққа мынадай ықпал етеді:

- жоғары қан қысымының, жүректің ишемиялық ауруының, инсульттің, диабеттің, сүт бездері мен тоқ ішек  ісігінің, депрессияның  даму тәуекелін азайтады ;

- сүйек денсаулығының нығаюына және функционалдық денсаулықтың жақсаруына мүмкіндік туғызады.

Барлық адамдар  жас ерекшелігіне қарамастан, аз қозғалу өмір салтынан бас тарту қажет. Тұрақты физикалық белсеңділік көптеген аурулардан сақтайды және ұзақ өмір сүрудің жетекші факторы болып саналу мүмкін!