Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) қалай жұқтырмауға болады?

Алғашқы АИТВ жағдайының тіркелгеннен бері шамамен 30 жыл уақыт өтті. Осы жылдар бойы індет барлық жерге таралуда, ал оның келтіретін зардаптары одан да зор. Ертең оның қатарында сіз, сіздің ағаңыз, апаңыз, досыңыз, сүйікті адамыңыз болмағандай, АИТВ жұқтырмау үшін өзіңізді және басқаларды қалай сақтап қалу қажеттігін әрбір азамат білу қажет.

Бүгінгі таңда АИТВ-дан толық емдейтін дәрі-дәрмектер жоқ. Вирус өмір бойы адамның  ағзасында қала береді. Дегенмен аурудың дамуын бірқатар азайтып және өмірді ұзартуға мүмкіндік беретін ретровирусқа қарсы терапия бар.

АИТВ инфекциясының дамуы адамның тәртібіне байланысты, оны алдын алуда тәрбие беру мен үйретуге орасан зор орынды береді.

Қазіргі кезде АИТВ-ны жұқтырудың3 түрі -жыныстық қатынас арқылы, қан арқылы және анадан балаға жұқтырылатын түрі барекендігін бәріміз білеміз.

Бұл ауру баяғыдан тәуекел тобының шегінен шыққан, АИТВ-ның ең кең тараған түрі – жыныстық.

Ауруды жұқтырмау үшін не істеу керек?

Жыныстық қатынаста – жауапты, қауіпсіз жыныстық тәртіпті ұстану керек, кездейсоқ жыныстық байланыстардан, жыныстық қатынаста болатын адамдарды жиі ауыстырудан бас тарту  керек, жыныстық қатынаста қорғану құралдарын (презерватив) пайдалану. Жыныстық қатынас арқылы жұқтырылатын гонорея, сифилис, трихомониаз және т.б. аурулар ілесетін болса, АИТВ инфекциясының жұқтыру қаупін ұлғайтады.

Қан арқылы жұқтыруды болдырмау үшін барлық медициналық қимылдарды стерильді, бірқолданатын құралдарды қолдану арқылы жүргізу керек. Инъекциялық есірткіні қолданатын тұлғаларға есірткіні көктамыр арқылы бірлесіп қолданғанда бір инені, не бір ыдысты қолданбау керек.

Пирсинг, татуаж, маникюр, педикюр және құлақ тесу сияқты косметикалық шаралар үшін стерильді құралдарды қолдану керек.

Басқа біреулердің қан қалдықтары қалған бритвалық құралдарын, тіс щеткасын қолданбау керек.

Қан қалдықтары қалған заттарды дұрыс қолдану керек, өйткені жарақат алу мен инфекция жұқтыру ықтимал.

 

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бас маманы                                                                         К. Айтпаева