Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні

Балалар музыка мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкенов қатысып, барша екібастұздықтарды патриоттық мерекемен құттықтады.

ҚР Тұңғыш Президенті Күні Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың ел алдында сіңірген еңбегін атап өтуге және мойындауға арналған. Осы уақыт ішінде еліміз мемлекеттілікті құруда, халықтар бірлігін нығайтып, нарықтық экономикаға көшуде шынайы  жолға түсті.