Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді! Балалар суға шомылу кезінде сақ болыңыздар!

Екібастұз қаласының су қоймаларында 2013 жылдың 7 ай ішінде 3 адам қаза болды.

 Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы тағыда ескертеді:

Үлкен, кіші болмасын су қоймаларында болған кезде сақ болуларыңыздар, қатаң тәртіп сақтауларыңызды естеріңізге саламыз. Немқұрайлық танытпай, судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған адамдарға ескертулер жасаңыздар!

Құрметті балалар!

Жаз. Ыстық. Әркімнің де жаздың ыстық күндері жылы суға шомылып, ыстық құмда аунағысы келеді, бірақ мына қарапайым ережелерді естен шығармағандарыңыз жөн: 

Суға құлап кету ықтималы бар жерлерде, (көпірде, тік-жар жағалауында, су бұрқақ ернеуінде...) тұрмаңыздар және ойнамаңыздар.

Жасанды сал тағыда басқа қолдан жасалған жүзу құралдарымен суда жүзбеңіздер.

Тереңдігі белден жоғары суда сақ болыңыздар, таныс емес бөгде жерлерде суға сүңгімеңіздер.

Суда бір - бірін су астына батырып ойнамаңыздар, адам суға шашалып, соңы сәтсіз жағдаймен аяқталуы мүмкін.

Қойылған межеден, белгіден асып жүзбеңіздер, су түбінде балдырлар болуы мүмкін, су түбіндегі жер кенеттен үзілу қаупі бар немесе суық қайнар  болуы ықтимал.

Су жағалауынан алыс су ағыны күшті жерлерде және қатты желдерде суға түспеңіздер

Суға көп уақыт түсуге болмайды 10-15 минөт жеткілікті, денеңіз суда қатты тонса аяқ қолдарыңыз тартылуы мүмкін.

Егер жолдасыңыз суға батып бара жатса не істеуіңіз керек, әрине ересектерді көмекке шақыру қажет!

 

    М.Хамитова, ТЖ

басқармасының

бас маманы