Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мұз үстінде абай болыңыз!

2017 жылдың 25-26 қарашасында Екібастұз қаласының құтқару бөлімшелерінің құтқарушыларымен өткізілген рейд нәтижесіне сай, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдағы мұздың қалыңдығы 3-6см, МАЭС-2-дегі су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы 7-9 см құрайды. 

Қыс мезгілінде адам баласына қауіпті жағдайлардың бірі өзен, көл, су қоймаларындағы мұз. Ағымдағы жылы болып тұрған күннің жылы ауа-райы мұз беріктігінің әлсіз болуына себеп болып тұр. Сондықтан қазіргі кезде мұзға шығу адам өміріне өте қауіпті.

Қаланың төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына әсіресе жасөспірім балаларға және де балық аулауды ұнататындарға келесі ережелерді естеріңізге салады: мұздың қалыңдығын нақты білмесеңіз, мұз үстіне шықпаңыз, автокөлікпен жүрмеңіз, жыраларда балық ауламаңыз!

 МАЭС-1, МАЭС-2 су қоймаларындағы мұз бетінде болу қауіпті екенін естеріңізге саламыз, бұл жерде мұз әрқашан жылы сумен шайылып отыратындықтан, тіпті аязды күндері мұз берік болмауы мүмкін.

 Есіңізде болсын, өз өміріңіздің аманшылығы, өзіңізге байланысты екенін естен шығармаңыз!

 

 

 

 

 

М. Хамитова

Екібастұз қаласының

Т Ж басқармасы

төтенше жағдайларды

ескерту тобының

                                                                                                       бас маманы