Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ және «Мобильді ХҚКО» Сарықамыс ауылдық округінде

Бүгін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» және «Мобильді ХҚКО»   Сарықамыс ауылдық округінің  тұрғындарымен және жалпы орта  білім беретін мектептің  еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу кезінде әңгімелесу өткізілді және консультациялар, соның ішінде жер қатынастары, азаматтық хал актілерін тіркеу, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер саласына қатысты кеңестер берілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық түрлерімен таныстыру мақсатында «Қызметті өзің ал!» акциясы өткізілді, бұл жерде Мемкорпорация қызметкерлері қатысып отырғандарға «Электрондық үкімет» www.e-gov.kz. веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі жөнінде оқытты. Акция буклеттер таратумен жалғасты.