Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өткізу

Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өткізу, мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарын өткізу реттемесіне өзгерістер мен толықтырулар жөнінде

Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 613 бабы 1 тармағына сәйкес, салық төлеуші салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күнi өткен соң салық берешегi өтелмеген жағдайда салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке иелiк етуiн шектеу туралы шешiм қабылданады. Осы баптың 6 тармағына сәйкес шешім салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.

Салық Кодексінің 618 бабына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу жолымен жүзеге асырады.

      Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2 маусым 2011 жылдың № 618  қаулысымен сату тәртібі белгіленген.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі 2017 жылғы 11 мамырда ресми жарияланған және 2017 жылғы 22 мамырда заңды күшіне енген.  «Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 230 қаулысын қабылдағанын хабарлайды. Қағидаларға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, олардың негізгілері болып келесілер табылады:

-  электронды аукцион өткізу тәртібінің жеңілдетілуі, атап айтқанда сауданы ағылшын немесе голландық әдіспен өткізу тәртібінен, сауданың ең төменгі бағадан (лоттың бастапқы бағасының 65%) басталып, ықтимал сатып алушының лотты сатып алуға білдірген әр растауы кезінде лоттың құны артатын тәртіпке ауысуы, бұл лоттың бастапқы құнын белгілеу негізінде ықтимал сатып алушылардың санын арттыруға мүмкіндік береді;

-  сатып алушылардың кең ауқымын тарту және мүлікті өткізу үшін бірыңғай сауда алаңын қолдану мақсатында мүліктің өткізіуі жүзеге асырылатын электрондық сауда алаңының («Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ) өзгеруі,  бірдей және (немесе) біртекті заттар бойынша бағалау есебі болған жағдайда мүлікті бағалауды жүргізбеу арқылы шығыстарды азайтуға бағытталған, ережелер қарастырылған;

- мемлекеттік кірістер органдары мен уәкілетті заңды тұлғаның («Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ОАБК АҚ) өзара    қарым-қатынастарын, соның ішінде мұндай өзара қарым-қатынасты жеделдетуді қамтамасыз ету мақсатында құжаттарды, мәліметтерді электронды түрде жолдау/қабылдаудың мерзімдері мен тәртібі реттеліп нақтыланған. 

- мемлекеттік кірістер органдары мен уәкілетті заңды тұлғаның («Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ОАБК АҚ) өзара    қарым-қатынастарын, соның ішінде мұндай өзара қарым-қатынасты жеделдетуді қамтамасыз ету мақсатында құжаттарды, мәліметтерді электронды түрде жолдау/қабылдаудың мерзімдері мен тәртібі реттеліп нақтыланған. 

         Сонымен қатар, Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келісімшарт және (немесе) мемлекеттік кірістер органының қаулысына сәйкес салық берешегі есебіне, кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өндіріп алу жүзеге асырылатын кепілге салған және (немесе) билік етуі шектелген мүлкін (бұдан әрі – мүлік) өткізу мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында gosreestr.kz (бұдан әрі – веб-портал) электрондық аукционда жүезе асырылатынын  хабарлайды.

         Туындаған сұрақтар бойынша  Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен хабарласуызға болады:  Байланыс  телефондары: 

77-16-66, 77-16-60, 77-16-97 немесе Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті- 8 7182 321543.