kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді!

Су бұрқақта суға шомылу өте қауіпті...

Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының хабарлауы бойынша және  ҚР ДСМ МСЭҚ Павлодар облысы бойынша департамент басшысының 2013 жылдың 4 шілдесіндегі №5-09/2196 хатына сәйкес Ресей Федерациясының аумағында энтеровирустық жұқпаның бірнеше ошағы тіркелгендігін хабарлайды.

Тамыз жаздың соңғы айы болғанымен әлі де күн қызуы мықты. Осындай ыстық күндері әркімнің де суға шомылғысы келеді, әсіресе бүлдіршін балалар. Қаламыздың «MAXI maII» ойын-сауық сауда кешеніндегі орнатылған су бұрқақта күнделікті 5 жастан 12 жас аралығындағы балалар жиналып суға шомылуды, тіпті секіріп суға түсуді әдет қылған, бұл әрине бала өміріне өте қауіпті іс, біріншіден су бұрқақтың тереңдігі 70-80 см балалар секірген кезде су түбіндегі бөгде заттарға басымен соғылып естен тануы мүмкін, мұның арты бала өлімімне әкеп соғады, екіншіден аталмыш вирустық жұқпа жұқтыруы ықтимал ол ауруға шалдыққан бала ұзақ емделуді қажет етеді.


Сондықтан құрметті ата-аналар! балаларды күндіз қараусыз қалдырмаңыздар, күнделікті тыйым салынған жерде суға шомылуға қауіпті
екенін түсіндіріңіз.


                                                           М. Хамитова, Екібастұз

                                                           қаласы ТЖ басқармасының

                                                           бас маманы

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза