Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1. Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;

2. Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;

3. Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217, «Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 шілдедегі № 557 бұйрықтарына сәйкес көрсетіледі.

«Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру», «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру» мемлекеттік қызметтерінің құжаттарын қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының кеңсесі (мекенжайы:Новоселов көшесі, 81) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асады.

«Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметінің құжаттарын қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1)  Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының кеңсесі;

2)  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3)  «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: құжат топтамасын тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күн. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы фойесінің қабырға стендінде және ақпараттық тақталарында орналасқан. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, мемлекеттік корпорацияның: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін негізде көрсетіледі

Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіарқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;құжаттардың берілген күні;құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Ұйымдастыру-құқықтық

жұмыс  және мониторинг 

бөлімі басшысының м.а.                                              Ж.Е. Досмагамбетова