Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2017 жылғы 13 – 19 қараша күндері - антибиотиктерді дұрыс пайдаланудың дүниежүзілік аптасы

Көп жылдар бойы адамзат аурулармен күресу үшін антибиотиктерді қабылдайды. Осы уақыт бойы микроағзалар ауысып отырды және антибиотиктерге төтеп беру тұрақтылығына (резистенттілік) ие болды.

Бұл ерекше құбылыс жас ерекшелік, әлеуметтік және этникалық топтарға бөлінбей, халықтың барлық топтарын қозғайды.

2015 жылы 68 сессияда Денсаулық сақтау саласының дүниежүзілік ассамблеясында микробтарға қарсы дәрі-дәрмектерге тұрақты болумен күрес бойынша ғаламдық жоспар қабылданды. 2017 жылы қарашаның 14-20 аралығында ДДСҰ ынтасы бойынша антибиотиктерді дұрыс қолдану дүниежүзілік аптасы жүргізіледі. 

Антибиотиктерге микробтардың тұрақтылығының даму себептері:

- адамзаттық фактор;

- антибиотиктерді артық мөлшерде тағайындау;

- антибиотиктерді дұрыс емес (оңтайлы емес) қабылдау;

- өз-өзіне антибиотиктерді өзі тағайындау.

Антибиотиктерді қабылдау дәрігермен тағайындалған жағдайда ғана адам оған деген тұрақтылықтың дамуына қарсы іс-әрекеттер жасай алады.

«Аnti bios» – мағынасы «өмірге қарсы атауы қайдан шыққандығын есте сақтаңыздар!

Эпидемиологиялық қадағалау

бөлімінің бас маманы                                                  С.С. Сундутова