Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Нашақорлық

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін (ҚДСҚ) құру және сектор аралық қызметтестікті дамыту» Жол картасы жобасын  іске асыру аясында  және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау ұлттық  саясатын іске асырудағы профилактиаалық бағытты күшейту мақсатында, АИТВ/ЖИТС және нашақорлықтың алдын алуын көздейтін «Болашаққа қадам!» науқаны жүргізіледі.

Нашақорлық - наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.

Нашақорлық – аса қауіпті, әлеуметтік бәле.  Есірткіні қабылдаған кезде тезарада, тіпті кей жағдайларда бір қабылғаннан физикалық және психикалық тәуелділік туындайды. Есірткіні қолдануды тоқтатқанда нашақор ағзасы физикалық және психикалық бұзылады. Дәрігерлер оны «абстиненция» десе, нашақорлар оны «ломка» дейді.

Нашақорлық зардаптарының үш түрі:

Биологиялық

Тұлғаның белсенділігінің,   энергетикалық күшінің қарқынды түсуі, қызығушылықтың, биологиялық қажеттіліктердің (ас, түс және т.б.) азаюы, төзімділіктің әлсіреуі, ағзаның қарқынды азуы.

Әлеуметтік-психологиялық

Тұлғаның адамгершілік-әдептік құлдырауы, есірткіні қолданудан басқа барлық қызығушылықтар мен қажеттіліктер құндылығы алдымен төмендейді, кейін біртіндеп мүлдем жойылады.

Қылмыстық

Нашақор өз әуестілігін қанағаттандыру үшін, алдымен жұмысын, не оқуын жай босатады, ал кейін мүлдем  бармайды,  есірткіні сатып алудың заңға қайшы, әсіресе, тонау, ұрлау және т.б. жолдарын табуға мәжбүр болады. Қаражат болмағанда нашақор өз мақсатына жету үшін тіпті кісі өлтіруге дейін барады. Нашақорлық өз-өзіне қол жұмсаумен байланысты, оның негізгі себебі – өмірмен қанағаттанбаушылық. 

ЖИТС және нашақорлық бір-бірінен ажырамайды.

Нашақорлықтың өсуі ЖИТС проблемасын қарқынды көтереді.

Күн сайын бүкіл әлемде 6000 адам АИТВ-инфекциясымен ауырады, оның ішінде 70% есірткіні күре тамыр арқылы енгізу арқылы жұқтырады.

Жастар арасында нашақорлықпен күресте аса тиімді шаралар болып алдын алу шаралары саналады. Барлығы ата-аналарға, мұғалімдерге, медициналық қызметкерлерге байланысты. Балалармен жиі сөйлесу қажет. Оларға жақсы үлгі көрсету керек. Олардың жеке даралығын және тәуелсіздігін ынталандырып, өз-өзіне деген сеніміділігін арттыру қажет. Жастар арасында нашақорлықты қолдануға кедерлік жасайтын жағдайларды туындату керек. Жасөспірімде есірткі туралы алынған ақпаратқа талдау жасауын және оған сынмен қарауын қалыптастыру және дұрыс шешім қабылдауды үйрету.

Есірткіні тарату мен қолдануға жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізетін ұйымдар мен құрылымдармен өзара қарым-қатынас жасау.

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

жетекші маманының м.а.                                                      А.К. Кенесов