Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 1260/10 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 13 қарашада № 5681 болып тіркелген

Екібастұз қаласы коммуналдық

мемлекеттiк кәсiпорындарының

таза кірісінің бір бөлігін аудару

нормативін белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі   басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік  мүлік туралы» Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес,  Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

         2. Коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органдары ведомствоға қарасты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жергілікті бюджетке таза кірісінің бір бөлігін аударудың белгіленген  нормативін толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау белгілесін.

         3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Ж.К. Шакатовқа жүктелсін.

         4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                     К. Нукенов

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің

2017 жылғы «23» қазандағы

№ 1260/10 қаулысына

қосымша  

Екібастұз қаласының коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарының

таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

 

Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

 

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден                   50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан   10 пайыз

 

Таза кіріс 50 000 001 теңгеден                        250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан  15 пайыз

 

Таза кіріс 250 000 001 теңгеден     500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан  25 пайыз

 

Таза кіріс 500 000 001 теңгеден                   1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан  30 пайыз

 

Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан  50 пайыз