Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Салынып жатқан нысандарда ӨҚҚ қамтамасыз ету

Биіктігі 3 қабат және оданда көп қабатты ғимаратты салған кезде басқыштарды басқыш алаңының құрылысымен бірге монтаждау қажет.

Саты алаңдарында ағаш баспалдақтарды екі қабаттан жоғары емес ғимараттарда ғана қолдануға болады.

Зақымдаудан қорғау үшін құрылыс кезінде жанғыш емес сатыларды жанғыш материалдармен жабуға болады.

Салынып жатқан ғимараттардың шатырларында жобамен алдын ала қарастырылған сыртқы өрт сатылары, бағаналар мен қоршаулар, тасымалданушы құрылмаларды монтаждағаннан кейін бірден орнатылады.

Ғимараттарды салған кезде ағаштар мен өткелдердің орналасуы көшіру жолдарына қойылатын, жобалау нормаларының талаптары мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ағаштан жасалған құрылғылар мен қалып өртке қарсы құраммен өңделуі керек.

Үш қабатты және одан да көп қабатты ғимарат салған кезде инвентарлық металлдық құрылғыларды қолданған жөн.

Құрылыстардың құрылыс құрылғылары периметрінің әрбір 40 метрін бір саты немесе баспалдақпен жабдықтау қажет, бірақ барлық ғимаратқа екі сатыдан (баспалдақтан) аз емес болуы керек. 

Құрылғылардың құрылмаларын жаңғыш материалдармен жабуға (жылытуға) болмайды. 

Жоғарғы ғимараттар мен құрылыстардан адамдарды көшіру үшін (үй мұржаларынан, мұнара градирендерінен, бөгеттерден, сүрлем бөлмелерінен) құрылыстың барлық кезеңінде жанғыш емес материалдардан екіден кем емес сатылар орнату қажет.

Жанғыш және жанғыш емес материалдардан қалыпты үшеуден көп емес қабатқа орнатуға болады. Бетонның қажетті беріктігіне қол жеткізгеннен кейін ағаш қалып пен құрылғылар ғимараттан алынып тасталуы қажет.

Ашық отты пайдаланумен байланысты, басқа құрылыс-монтаждық жұмыстармен бір уақытта жанғыш заттар мен материалдарды пайдаланып, ғимараттар мен құрылыстардың ішінде жұмыс жасауға болмайды.

Олардың отқа тұрақтылық шегін жоғарлату мақсатында метталдық құрылмаларды қорғау бойынша жұмыстар ғимаратты тұрғызумен бір уақытта атқарылады.

Ғимараттарда жанғыш материалдар болған жағдайда өрттің қабырға ойықтары мен жабулар арқылы таралуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажет (ішкі және сыртқы қабырғалардың тоғысқан жерлері мен қабат араларындағы жабулардың саңылаусыздануы, отқа тұрақтылықтың талап етілетін шектерін қамтамасыз етумен инженерлік коммуникациялар өтетін жерлердің нығыздалуы).

Ғимараттар мен құрылыстардағы ойықтарды уақытша жылытқан кезде жанғыш емес және ауыр жанатын материалдармен толтырған жөн. 

Едендер орнату және басқа да жұмыстарды жасау үшін уақытша құрылыстар жанғыш емес және ауыр жанатын материлдардан жасалуы қажет.

Жанғыш жылытқыштармен немесе жанғыш жылытқыштарды пайдалану арқылы құрылмаларды монтаждаумен байланысты жұмыстар, жұмыстарды орындаушыларға берілетін құрылыстың өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғамен қол қойылған наряд-рұқсаттамалары бойынша жүргізілуі қажет.

Наряд-рұқсаттамада орны, технологиялық реттілігі, өндіріс тәсілдері, нақты өртке қарсы іс-шаралар, жауапты тұлғалар мен күшін сақтау мерзімі көрсетіледі. 

Өндіріс жұмыстары жүріп жатқан жерлерде «Өртену қаупі бар – жеңіл тұтанатын жылытқыш» аншлагтары ілінеді.

Жанғыш жылытқышты төсеу мен жабынға гидрооқшаулаушы төсемді орнатуды, цементті-қиыршық ерітіндіден тартуды, қорғаныш гравийндік қабатын төсеуді, жанғыш жылытқыштарды қолданумен қоршаушы құрылмаларды монтаждауды 500 м2 көп емес және ауыр жанатын жылытқыштардан 1000  м2 көп емес аудандағы учаскелерде жасаған жөн.

Өндірістік ғимараттарды жабуға 30 мм кем емес темірбетонды плиталар бойынша жанғыш жылытқыштарды қолданғанда тартуды цементті-қиыршық ерітіндіден жасау қажет, темірбетонды плиталардың түйіскен жерлері мұқият тұтастай қашалған болуы керек.

Жұмыс атқарылатын жерлерде жылытқыштар мен шатырдың рулон материалдары ауысымдық қажеттіліктен аспауы қажет.

Ұзындығы бойынша 50 м (корпус ұзын болған жағдайда 80 м және одан да көп) кейін үлкен аудандардың ғимараттарының жабындарындағы жанғыш жылытқышты керамзиттік гравиядан немесе басқа жанғыш емес материалдардан жасалған, еңі 6 м-ден кем емес өртке қарсы белдеулермен бөлген жөн.

Жанғыш және ауыр жанатын жылытқышты салынып жатқан ғимараттан тысқары жеке тұрған құрылыста немесе салынып жатқан және уақытша ғимараттар, құрылыстар мен қоймалардан 18 м кем емес қашықтықтағы арнайы ауданда сақтайды.

Жұмыс ауысымы аяқталған соң ұсталмаған жанғыш жылытқышты, осындай жылытқыштары бар монтаждалмаған панелдерді және ғимараттардың ішіндегі немесе жабындарындағы, сондай-ақ өртке қарсы ажырауларда шатырдың рулон материалдарын қалдыруға болмайды.

1000 мжәне одан да көп ауданмен жабынды орнату бойынша шатырда жанғыш және ауыр жанатын жылытқышты пайдаланумен шатыр жұмыстарын атқарған кезде өрт сөндіру мақсаттары үшін уақытша өртке қарсы су құбыры алдын ала қарастырылады. Өрт крандарының арасындағы ара қашықтықты шатырдың қандай болмасын жеріне суды 5 л/с бойынша беру жағдайына қарай қабылдаған жөн. 

Ашық отты пайдаланумен байланысты барлық жұмыстар, жанғыш және ауыр жанатын материалдарды пайдалануды бастағанға дейін атқарылады.

Бу оқшаулаушы қабатты жапсырған және жобадан жалтарумен, мастика қабаттарының қалындауы түзілген кезде қалпына келтірілген төсемнің қырларына битумдық мастика құюға болмайды.

 

 

Екібастұз қ. ТЖБ аға инженері                                            Рогожина Е.С.