Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Cагитова Сания Аманжоловна: Рәміздер туралы

Сәлеметсізбе. Қаланың мемлекеттік мекемелерінде мемлекттік рәміздерді 2017ж 01.07 дейін жаңа стандартқа сай өзгерту керек болатын. Бірақ осы жұмысты біздің қалада қай мекеме қадағалайтының білмеймін. Менің келінім жұмыс істейтін мекемеде жыл бойы рәміздерді өзгерту туралы бірде ескерту болмаған, бірақ тексеруге жас қыздар келіп ескерту айтып кетіпті. Ол қыздардың өздері рәміздер туралы стандарттарды білетініне күмәніміз бар. Осы рәміздерді көрейін деп қаланың біраз мемлекеттік мекемесін сыртынан қарап шықтым. Менін таң қалғаным мекемелердегі тақтайшалар вывеска деген, әр мекемеде әр түрлі, елтаңба үстінде бірде, бірде ортасында түстері де басқа. Сонда кабинеттердегі рәміздердің түрі қандай? Зейнеткерлікте болсамда қаланың өміріне бей-жәй қарамай, осындай өзімше зерртеу жүргіздім. Негізі ішкі саясат бөлімі осы немен айналысады? Сол мекеменің жұмысын кім қадағалайды?

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына келіп түскен мемлекеттік мекемелерде маңдайшаларды орналастыру жөніндегі өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1371 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру» қағидаларына сәйкес мемлекеттік мекемелерде маңдайшалар орнатылады.

Ережеге сай маңдайша төсемге 1 сантиметрден 4 сантиметрге дейін көлденең және тік қалыпта орналасады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы маңдайшаның үштен бір бөлігінің үстіңгі жағының ортасында орналастырылады.

Нақты фактілар болған жағдайда осы мәселе бойынша Екібастұз қаласының ішкі саясат бөліміне хабарласуыңызды сұраймын.