Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ және «Мобильді ХҚКО» тобы «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалы өкілдерінің, жұртшылық өкілдерінің және Екібастұз қаласы әкімдігі мемлекеттік органдарының қатысуымен тұрғындармен және Солнечный кентінің №16 жалпы орта білім беретін мектебінің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында әңгімелесулер өткізілді және азаматтарды қызықтыратын, соның ішінде «Электрондық үкімет» www.e-gov.kz. веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі жөніндегі сауалдарға жауап берілді.
Сондай-ақ, осы жұмыстар барысында «Қызметті өзің ал!» акциясы өткізілді, бұл жерде Мемкорпорация қызметкерлері қатысып отырғандарға «Электрондық үкімет» www.e-gov.kz. веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі жөнінде оқытты.
«Қызметті өзің ал!» акциясы Екібастұз қаласының басқа да елді мекендерінде өткізілетін болады.