Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Пранова Ақмарал Амангелдиевна: Пәтер жайлы

Сәлеметсіз бе Мен Пранова Акмарал Амангелдиевна көп балалы анамын Жолдасым ауған соғыс ардагері біздін Өзбестаннан қоныс аударғанымызға 3 жылдан Патер жалдап тұрамыз .күміс алқалы анамын.Сіздерден отінішім үй мәселесін шешіп берсеніздер.

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына 2017 жылғы 25 қазандағы пәтер мәселесі бойынша жазған арызыңызға, келесіні хабарлаймын.

Қазіргі уақтытта Сіздің жолдасыңыз аз. А.К. Тилабердиов мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 2015 жылдан бері, отбасы құрамы 8 адаммен «оралман» санаты бойынша №2453 болып кезекте тұр.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес мемлекеттік үй қорынан азаматтарға үй беру мына жағдайда іске асады.Тұрғын үйге мұқтаж есебінде,арнайы бекітілген тізім бойынша кезекте тұру және барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.

Осыған орай  заңнамаға сәйкес Сізге Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегі келген уақытта берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамасында уақытша тұрғын үй беру қарастырылмаған.