Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бекмаганбетова Гульбану Карабаевна: үй мәселесі

Құрметті Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы Мен, Бекмаганбетова Гульбану Карабаевна жалғыз басты ана санатында 2005 жылдың желтоқсан айынан бастап пәтер кезегінде 12 жыл тұрмын. Екі баланың анасымын. Өзім мемлекеттік мекемеде қызмет етемін. Қазіргі уақытта жер үйдің времянкасында тұрып жатырмыз. Тұрып жатқан баспанамда жағдай жоқ су тасымалы, пешті өзім жағамын. Бірнеше рет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығынада кірдім. Кезегіңіз жақын қалды күте тұрыныз деп шығарып салады. Сіздің жеке қабылдауыңызға жазылмақ болып барғанымда жазбай шығарып салды. Сізге өтініш беру себебім пәтер бөлу кезінде толық емес отбасы ретінде ған емес мемлекеттік мекемеде қызмет атқарып жатқанымды ескергеніңізді сұраймын.

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына 2017 жылғы 23 қазандағы пәтер мәселесі бойынша жазған арызыңызға, келесіні хабарлаймын.

Қазіргі уақтытта Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 2005 жылдан бері, отбасы құрамы 3 адаммен «толық емес отбасы» санаты бойынша №126 болып кезекте тұрсыз.

Сіздің кезек динамикаңыз: 2005 - 861, 2006-861, 2007 - 728, 2008 - 721, 2008 - 721, 2009 - 603, 2010 - 518, 2011 - 449, 2012 - 169, 2013 - 162, 2014 - 150, 2015 - 147, 2016 - 132, 2017 - 126.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес мемлекеттік үй қорынан азаматтарға үй беру мына жағдайда іске асады.Тұрғын үйге мұқтаж есебінде,арнайы бекітілген тізім бойынша кезекте тұру және барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.

Осыған орай  заңнамаға сәйкес Сізге Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегі келген уақытта берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамасында уақытша тұрғын үй беру қарастырылмаған.