Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Аскарова Жулдыз Рашидовна: Баспана

Сәлеметсіз бе Қайрат аға. Менің есімім Жулдыз. Сизге коптеген хаттар келетинин мен билемин. Сонда да хат жазуды шештім. Мен үш баланың анасымын. Жолдасым кайткалы 1 жыл болды. Үлкен қызым 9да. Еки улыМ садикке барады. 5 және 6да. Баспана алу ушин кезекке турдым. 3130болып. Енді озиниз ойлап каранызшы бұл кезек қашан бизге жетеді. ????? Садик та да ешқандай льгота жоқ. Попасть к вам на прием невозможно. Я очень надеюсь что это письмо дойдет к ваМ и я получу ответ. На съемной квартире с тремя детьми очень тяжело. Қандай да бир көмек болатынын сенемін.

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына 2017 жылғы 19 қазанда тұрғын үй және балалардың мектепке дейінгі мекемесінде жеңілдік мәселесі бойынша жазған арызыңызға, келесіні хабарлаймын.

Қазіргі уақтытта Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 2017 жылдан бері, отбасы құрамы 4 адаммен «толық емес отбасы» санаты бойынша №3085 болып кезекте тұрсыз.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес мемлекеттік үй қорынан азаматтарға үй беру мына жағдайда іске асады.Тұрғын үйге мұқтаж есебінде,арнайы бекітілген тізім бойынша кезекте тұру және барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.

Осыған орай  заңнамаға сәйкес Сізге Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегі келген уақытта берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамасында уақытша тұрғын үй беру қарастырылмаған.

Мектепке дейінгі балалар мекемесінде жеңілдіктер тек қана қосымша сабақтарға қатынасу үшін жетім және көп балалы отбасыларына қарастырылған. Балалардың тамағына ата-ана төлейді, ата-ананың төлемі басқа шығындарға қарастырылмаған. Мектепке дейінгі балалар тәрбиесін алу бюджет қаражат есебінен іске асады.