Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Шіркін life» этножобасы

Екібастұз қаласында «Жаз – 2013» қалалық бағдарламасының іске асырылуы аясында маусым айында «Шіркін, life - 2013» этножобасы бастамасын алды. Жобаға 1 500 балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ мектеп мұғалімдері, «Достық үйінің» этно-мәдени орталықтары, қалалық маслихат депутаттары, меценаттар, ата-аналар қатысты.

Жобаны іске асыру бағдарламасында қызықты, тартымды іс-шаралар жоспарланып өткізілді.

Негізгі іс-шара «Қайнар» ББК алаңында орналасқан  жеті ұлттық орталықтардан құралған «Нұрлы ауыл» этно-ауылының жұмысы болды: корей, украин, орыс, қазақ, татар, шешен және неміс ұлттары.

Этно-ауылдың ашылуына 600-дан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты. Олар халықтардың тұрмысы мен салт-дәстүрімен танысып, ұлттық орталықтардың өкілдерімен «Ең үздік фотосюжет» сайысына қатысты. Күннің соңында балалар тілектер қағаздарында өздерінің алған әсерлерін жазды.

Келесі кездесу «Саяхат» ойыны формасы түрінде өткізілді. Барлық қатысушылар түрлі ұлттардың ұлттық ойындарымен танысты.

Үшінші күн «Дәмді күн» тақырыбында өтті. Барлық ұлттық орталықтардың өкілдері ұлттық тағамдарын әзірлеп, балаларға дәмін татқызды.

Төртінші күн «Ертегілер әлеміңде» деп аталды. Навигатор бағдары бойынша балалар алдын ала дайындалған түрлі тапсырмаларды орындады осы уақытта алаңда концерт жүрді. Осы күнде жобаға екібастұздық өңірдің ауыл балалары қатысты.

Жобаның аясында Байет ауылындағы реалити-шоу болды. Қалалық балалар ауылдық балалармен бірлесіп, киіз үйді жинады, май ұйтып, бауырсақ әзірледі, самауырды қыздырып, трактормен жүруді үйренді.  

Апта бойы «Екібастұз» балалар қоры балаларға тәтті сыйлықтар берсе, жобаның соңғы күнінде белсенді топтары мен қатысушыларына сыйлықтар тарту етті.

Балалардың жобадан алған әсерлерін  сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жобаның қатысушылары мен қонақтары өздерінің лебіздерін қонақ кітабында білдіре алды.

«Шіркін, life - 2013» жобасының ерекшелігі – Екібастұз қаласы тұрғындарына шетелден келген қонақтардың қатысуы.

Екібастұз мектептері оқушылары үшін бұл жоба ең жарқын жазғы демалыстың үлгісі болды.