Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Теңмен тең – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі

27 қазанда сағат10.00-ден 13.00-ге дейін «Қайнар» ББ және БҚ орталығында «Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін  қызметтердің жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге жер қатынастары, сәулет, ауыл шаруашылығы, ветеринария, білім,  халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу,  спорт саласындағы мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары  сондай –ақ, Мемкорпорация  қызметкерлері қатысты.

20 анықтама мен 9 электронды-сандық қолтаңба (ЭСҚ) берілді, мемлекеттік қызмет көрсетулер жөнінде 143 кеңес берілді  әрі  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 29 алушыға «Электронды  үкімет » www.egov.kz.  веб-порталын пайдалану дағдысы бойынша сабақтар  өткізілді.

Эстафета кестеге сәйкес Ақтоғай ауданына табысталды.