Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен Павлодар облысының тұрғындарын мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – Теңмен тең» эстафетасы бастау алды.      

Жәрмеңке облыстың барлық қалалары мен аудандарында жүргізілетін болады, олар эстафетаны кестеге сәйкес табыстайды.  

         Бүгін эстафета Екібастұз қаласына жетті және біздің қалада 2017 жылғы 27 қазанда сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін Абай көшесі, 121 «А» мекенжайындағы «Қайнар» ББҚК ғимаратында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – Теңмен тең» өткізіледі.     

         Сіздерге мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызықтыратын мәселелермен жүгініп, сол жерде қызмет алуға болады. 

         Жер қатынастары, сәулет, ауыл шаруашылығы, білім, халықты  әлеуметтік қорғау, ТҮКШ, азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік органдардың мамандары кеңес береді, сондай-ақ Мемкорпорация қызметкерлері электрондық мемлекеттік қызметтер көрсететін болады.       

         Сонымен қатар, қалалықтар Электрондық үкімет порталын пайдалану дағдылары бойынша оқудан өте алады.         

Келіңіздер және де мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі сапалы алыңыздар!