Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қаланың ауылдық елді мекендерінде Қоғамдық қолжеткізу пункттерін орнатудың бірінші кезеңі аяқталды

«Ақпаратты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған іс - шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Екібастұз қаласының 11 ауылдық елді мекенінде Қоғамдық қолжеткізу пункттері орнатылды.

         ҚҚП – бұл электрондық мемлекеттік қызмет алуға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысы туралы анықтамалық ақпарат алуға арналған бағдарламалық – аппараттық кешен.

         Осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға байланысты Шідерті, Солнечный кенттерінің, Ақкөл, Байет, Сарықамыс, Екібастұз, Құдайкөл ауылдық округтерінің, Шиқылдақ, Бесқауға, Ә. Марғұлан атындағы және Тай    ауылдарының тұрғындары мемлекеттік қызметті ҚҚП арқылы тұрғылықты жеріне қарай ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің ғимараттарында пайдалана алады.

         Іс-шаралар жоспарын іске асырудың екінші кезеңі аясында ҚҚП-і Қоянды, Теміржол және Төрт-Құдық ауылдық округтерінде орнатылатын болады.        







Екібастұз қаласы әкімі аппаратының

бас инспекторы-ақпараттық жүйелер

жөніндегі әкімшісі                                                                        С. Құлатаева