Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жеңіл атлетикадан қала чемпионаты

2017 жылғы 22 қазан сағат 12.00-де алаңда Екібастұз қаласының 60 жылдығына және №2 БЖСМ 50 жылдығына арналған жеңіл атлетикалық жүгіруден қала Чемпионаты өтті.

Бүгін, мерейтойлық жылы екібастұздықтар үшін кең ауқымды жүгіру өткізілді.

Жүгіру басталғанша, сағат 11.00-де мәдениет және демалыс саябағында спорт ардагерлерінің, спортшылардың, Марат Жыланбаевтың және қала басшылығының  қатысуымен №2 БЖСМ 50 жылдығына орай спортшылар Аллеясы деп белгіленген алаңда  ағаш отырғызу  жүргізілді.

12.00 сағатта Орталық алаңда салтанатты ашылуға Халықаралық кластағы спорт шебері, марафоншы, Азиядағы,   Африкадағы, Австралиядағы және Америкадағы планетаның  ірі шөлдерін жүгіріп өткен жалғыз адам - Марат Төлегенұлы Жыланбаев қатысты.

         Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкенов құттықтау сөз сөйледі.

          №2 Балалар –жасөспірімдер  спорт мектебі  өз қызметін 1967 жылы бастады.Ол кезде бұл жерде велоспорт, семсерлесу, еркін күрес, спорттық гимнастика, жеңіл атлетика бөлімшелері дамый бастады.

                                       Спорт мектебінің мақтаныштары:  

       -Владимир Алексеевич Сазонов, Қазақстан Республикасының  еңбегі сіңген  жаттықтырушысы, еркін күрестен  спорт шебері, КСРО-ның 12 спорт шеберін Фарида Сайботалованы, Хамида Сайботалованы, Сергей Непомнящийді, Жұмажан Елгельдинді, Талғат Ешимовті, Юрий Аликперовті, Сергей  Бояркинді және т.б дайындаған.

       - Алексей Сергеев-Халықаралық кластағы СШ, КСРО-ның еркін күрестен жастар арасындағы Чемпионы (біздің қаламызда жыл сайын А.Сергеевтің жүлдесіне халықаралық турнирлер өтеді).

       - Марат Төлегенұлы Жыланбаев, мектеп түлегі-Халықаралық кластағы Спорт шебері, керемет марафоншы, Азиядағы,  Африкадағы,  Австралиядағы және Америкадағы планетаның  ірі шөлдерін жүгіріп өткен жалғыз адам.

       - Василий Иванович Шестаков- «Жасыбай» спорттық-сауықтыру кешенінің  бірінші директоры. Николай Иванович Шестаков – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, «Жасыбай» спорт мектебінің директоры.

         - Татьяна Азарова, мектеп түлегі, Халықаралық кластағы Спорт шебері, Бүкіләлемдік Универсиада Чемпионы (2007 ж.),  Пекиндегі Олимпиада  ойындарының қатысушысы (2008 ж.), Лондондағы Олимпиада  ойындарының қатысушысы (2012 ж.) және басқалары.

         Спорт мектебі мерейтойының  құрметіне  орай спорт мекемесінің қалыптасуына атсалысқан –түлектеріне, тәлімгерлер мен  жүлде қорының қалыптасуына негіз болған демеушілерге  естелік медальдар табысталды:

-         Марат Төлегенұлы Жыланбаев, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы,  Халықаралық кластағы Спорт шебері,  Гиннес рекордтар кітабына енген керемет марафоншы.

-          «Промсервис Отан»ЖШС, демеуші.

-         «Восточный»кеніші АҚ ЕЭК, демеуші.

-         Александр Иванович Алехин, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның дене шынықтыру және спорт  үздігі, Қазақ КСР құрметті мұғалімі, еңбек және спорт ардагері.

-          Жамбыл Темірұлы  Садуақасов, еңбек және спорт ардагері.

Чемпионат Мәшhүр Жүсіп –Торайғыров –Абай-Әуезов бағытында ер адамдар үшін  10 километр қашықтық (2 айналым) және әйелдер үшін 5 километр  (1 айналым). 

          Жеңіл атлетика бойынша жарысқа  қаланың БЖСМ тәрбиеленушілері, студент жастар, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының, медициналық және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, спорт жанкүйерлері, салауатты өмір салтын ұстауға ниет білдірген барлық тұлғалар қатысты.

         Жарыстың қорытындысы бойынша әйелдер мен ер адамдар, жасөспірімдер мен қыздар жас ерекшеліктеріне  қарай марапатталды.

          Марапаттауды Екібастұз қаласының  әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкенов және Екібастұз қаласының  Құрметті азаматы, рекордсмен- Марат Төлегенұлы Жыланбаев жүргізді.

          Сондай-ақ, БАҚ және спорт ардагері- Жамбыл Темірұлы  Садуақасов пен №2 БЖСМ түлегі , ҚР жеңіл атлетикадан спорт шебері  Владимир Лепин жүргізді.

 

Жас ерекшеліктеріне қарай топтар– 17-34 жас:

Ер адамдар:

Әйелдер :

1 -орын –Иконников Богдан             

2-орын –Шишман Сергей

3-орын -  Недосеков Александр

1 место – Дубина Анна,                     

2 место – Сембаева Зарина,

3 место -  Рембольт  Вероника.

Жас ерекшеліктеріне қарай топтар– 35- 49 жас:

1-орын  –Садвакасов Даулет            

2 -орын  –Алимгазинов Мендыбай

3-орын -  Рожков Александр

1 -орын  –Шерешова Ольга              

2 -орын  –Задорина Светлана

3 -орын  -  Мухаметжанова Гульдана

Жас ерекшеліктеріне қарай топтар– 50 жас және жоғары:

1 -орын  – Толеуханов Кенесхан      

2 -орын  – Шехов Владимир

3 -орын  -  Барбосинов Темрбек

1-орын – Нападовская Елена            

2-орын –Прокофьева Сара

3 -орын  -  Лыкова Любовь

Жас ерекшеліктеріне қарай топтар– 14-16 жас:

1-орын – Макаров Александр          

2-орын – Крылов Александр

3 -орын  -  Жолудев Сергей

1 -орын  – Келлер Нелля                   

2 -орын  –Бибикова Дарья

3 -орын  -  Жанбекова Рада

Жас ерекшеліктеріне қарай топтар– 12-13 жас:

1 -орын  – Ткачук Назар                   

2-орын – Аслан Даниэль

3 -орын  -  Сердиенко Данил

1 -орын  – Шпак Надежда                 

2-орын – Деслер Виалетта

3 -орын  -  Молдабева Алина

Жас ерекшеліктеріне қарай топтар– 11 жас және кіші :

1 -орын  – Жумабеков Ералы           

2 -орын  – Аскербекұлы Алмаз

3 -орын  -  Мамыров Абдурахим

1 -орын  – Артемова Полина            

2 -орын  – Змазнева София

3 -орын  -  Луцак Злата

         Жеңімпаздар Грамоталармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және демеушілік қаражат  есебінен  Чемпиондар Кубоктармен, медальдармен, ақшалай  сыйлықтармен марапатталды.

Барлықтарын марапаттарымен құттықтаймыз, спорттық жеңістер  тілейміз! 

23 қазанда Марат Жыланбаевтың қатысуымен «Кім дұрыс жүгіруді үйренгісі келеді» тақырыбында  Шеберлік –класы өткізілетін болады. Қатысуға ниет білдіргендер болса, барлықтарыңызды шақырамыз!