kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Шідерті кентінде меморандумға қол қойылды

Бүгін Шідерті кентінде  Екібастұз қаласының әкімі Қ.Нүкенов  О.Жиенқұлов тұлғасындағы ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» ШЖҚ РММ  «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» филиалы басшылығымен Шідерті кентінің әлеуметтік-экономикалық  дамуы жөніндегі  ынтымақтастық туралы  меморандумға қол қойды.

Меморандумның мәні Тараптардың Шідерті кентінің  әлуеметтік –экономикалық  дамуында өзара қолдауды  қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық пен  кент тұрғындарының  тұруы үшін  қолайлы жағдай жасауы болып табылады.

Қ.Нүкенов  Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың Шідерті кентінің  әлуеметтік –экономикалық  дамуына ауқымды үлес қосып келе жатқанын  айтып өтті. Өзі қызмет атқарған кезең ішінде Қаныш Сәтбаев атындағы канал тұрақты негізде кентті абаттандыру, көгалдандыру, жылыту маусымына дайындау жұмыстарын  жүргізуде.  Әлеуметтік жобалар да назардан тыс қалмайды.

Қала басшысы бұл іс-шара қаланың басқа қала құраушы  кәсіпорындары үшін  үлгі және  одан әрі әріптестікке бастар жол болады деп санайды әрі Шідерті кенті тұрғындарының игілігі үшін бірге көптеген   игі істер атқаратынына сенімді

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза