Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік

Қаланың және ауылдық елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру мақсатында жалпықалалық сенбілік жарияланды.   

         Қала бойынша және ауылдық елді мекендерде жалпы 725 ұйым мен кәсіпорын жұмылдырылды. 

Қала әкімі Қ. Нүкенов жалпықалалық сенбілікке қатысып, «Пішембаев» гүлзар бағына ағаш отырғызды.  

Екібастұз қалалық мәслихат депутаттары, еңбек ұжымдары,  студенттер, мектеп оқушылары, сондай-ақ қала тұрғындары белсенді түрде ат салысты.   

Елді мекендердегі үйлердің маңы және аумағы қоқыстардан тазартылып, тәртіпке келтірілді. Қала көшелеріндегі ағаштар ағартылды.   

Осы мақсаттарға қала құраушы кәсіпорындардың, сондай-ақ қаладағы басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардың техникалары тартылды. Жалпы сенбілік барысында 25 бірл. аса көлік тартылды.      

Сенбілік күні «Пішембаев» гүлзар бағына және  «Шахтер»  саябағына шашамен 100 тал ағаш отырғызылды.