Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Мобильді ХҚКО» тобының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесімен ауылдарға шығуы

2017 жылғы 19 қазанда «Мобильді ХҚКО» тобы Екібастұз қаласы  әкімдігі мемлекеттік органдарының қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша  Екібастұз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.      

Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің электрондық түрлерін тарату мақсатында «Қызметті өзің ал!» акциясы өткізілді, бұл жерде Мемкорпорация қызметкерлері қатысып отырғандарға «Электрондық үкімет» www.e-gov.kz. веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі жөнінде оқытты. Акцияда буклеттер таратылды. Іс-шара барысында әңгімелер өткізіліп, мемлекеттік қызметтерді Мемкорпорация және электрондық жүйе арқылы алу жөнінде азаматтарды қызықтыратын сауалдарға жауаптар берілді,        

«Қызметті өзің ал!» акциясы жалғасуда.