Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қалалық сотында «Сот кабинеті» сервисін жаңарту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Екібастұз қалалық сотында «Сот кабинеті» сервисін жаңарту» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелекке үстелге адвокаттар, жеке тәжірибеде жұмыс істейтін заңгерлер, коммуналдық қызметтер, екінші деңгейдегі банк өкілдері, мемлекеттік органдарпрокуратура мен Әкімдіктің бөлімдерінің өкілдері шақырылды. 

Баяндамамен соттың бас маманы Оспанова А.А.сөз сөйледі. Қатысушыларды «Сот кабинеті» сервисін жаңартуымен таныстырды. Өз баяндамасында: «Сот кабинет» сервисінің  мобильдық  қосымшасы –мобильды операциялық жүйелердің басқаруымен жұмыс істейтін мобильдық құралдарға ақпараттық қосымшасы. Мобильдық қосымшада пайдаланушыларды тіркеу сервисінің Сот кабинеті – веб –версиясынан артықшылығы пайдаланушыны тіркеу үшін алдын-ала Сот кабинет сервисін пайдалануға шарт жасап, тек қана ЖИН  мен мобильды телефон номерін көрсетсең жеткілікті  деп» түсініктеме берді.

Кеңсе меңгерушісі  іс жүзінде қалай  тіркелуге болатынын көрсетті, «Сот кабинеті» сервисін жаңа қызметтерімен пайдалануға шақырды.  Қатысушылар қызықтарған сұрақтарына жауап алды. 

Екібастұз қалалық сотының

баспасөз қызметі.