kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Екібастұз қалалық сотында өткізу тәртібінің мәселері тақыланды

Екібастұз қалалық сотында  Павлодар облысының МКҚБ «Күзет» ПБ-ның  қызметкерлерімен  семинар ұйымдастырылды.

Семинарда  соттың кеңсе меңгерушісі З.Барлыбаева, аға сот  приставы Б.Мұхаметжанов, Павлодар облысының МКҚБ «Күзет» полиция батальонының командирі полиция майоры К.Кабылшаитов, взвод командирі К.Касымов, взвод командирінің көмекшісі Г.Турсунбаева қатысты.

Семинар барысында қатысушылармен Жоғарғы Сот Аппараты мен ІІМ біріккен бұйрығымен  бекітілген Сот аумағы мен  ғимаратына келушілер үшін ішкі объектілі және өткізу тәртібін қамтамасыз ету бойынша Ережелерді  сақтаудағы тиісті шаралар талқыланды.

Сот ғимаратында процеске қатысушылармен де, сот қызметкерлерімен де смартфондарды қолдануын болдырмау мақсатында: кіре берісте ұялы телефондарды қалтыруға ұяшықтар  қойылған,  сотқа келушілерге мәлімет үшін  өткізу тәртібінің Ережелері қазақ және орыс тілінде қолжетімді жерде орналастырылған, «Күзет» ПБ-ның қызметкерлері арнайы     техникалық құрал қолданумен  сот келушілерді, процеске қатысушыларды, қол жүгін  тексеруден өткізеді, басқа да шаралар жүргізіледі. Бұндай тексеріс жүргізуге жаңа құралдар бөлінген.   

Семинарға қатысушылар сот ғимаратында өткізу тәртібін тиісті қамтамасыз ету, әрі қарай күшейту жөнінде пікір алмасты. 

 

Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза