Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тұрғын үй заңнамасы бойынша дөңгелек үстел

2017 жылдың 19 қазанында Екібастұз қаласы әкімдігінің ақпараттық алаңшасында сот жүйесі мен Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.   

Күн тәртібінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді  жекешелендіру туралы заңнаманың қолданылуы талқыға салынды.

Павлодар облысы азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот алқасының төрағасы Б. Бегалиев дөңгелек үстел модераторы болды.   

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге Екібастұз қалалық сотының төрағасы К.Байгоншеков; Павлодар облыстық сотының судьясы Г. Гаипова; Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары – тұрғын үй комиссиясының төрағасы  Е. Иманзаипов; қала әкімдігі ТҮКШ мен қаржы бөлімдерінің басшылары және қалалық сот судьялары қатысты.