Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Жаз life - 2013» - Екібастұз жазы

Жаз - ересектер мен балалар үшін жылдың ең керемет  уақыты болып табылады! Демалу, жаңа қызықтар сияқты барлық арманымызды біз жазда іске асырамыз! Оқушылардың жазды есте қаларлықтай өткізуі үшін қалалық бюджеттен 40 млн. 089 мың теңге бөлінді, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға  жалпы сомасы 9600,0 мың теңгеге қала сыртындағы лагерьге 200 жолдама берілді. Кәсіподақ ұйымдарының есебінен 38000,0 мың теңге сомасына қала кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары үшін қала сыртындағы  лагерьлерге жолдамалар сатып алынды. Мектеп оқушыларының еңбек отрядтарын ұйымдастыру үшін 13739,0 мың теңге бөдінді, бұл 600 жасөспірімнің жұмысқа орналасуына  септігін тигізді. Жазғы демалысты ұйымдастыруға барлығы 87 млн. 689 мың теңге  жұмсалды және бұл сома жылсайын артып отырады.   

15500 Екібастұздық оқушы   жазғы демалыспен, жұмыспен және сауықтырумен қамтылды, яғни 1 - 10 сынып оқушыларының  жалпы санынан 100 %-ды құрайды. Соның ішінде  1022 – аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары, 200 – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Отбасылық тәрбие Орталығының жұмысын биылғы жазда  ерекше атап айтуға болады, себебі  Орталық «Қайнар» ББК базасында Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Отбасылық тәрбие Институтының  эксперименттік алаңы болып табылады. Орталықта «Жанұя» жазғы жобасы іске асырылады, соның аясында «Отбасымызбен дем аламыз» байқауы, «Отбасылық  абонемент» акциясы,  «Бақытты отбасы» туристік  слеті өткізілді.  Отбасыны қолдаудың жазғы қызметі ұйымдастырылды, онда тренингтік шаралар, дәріс беру сабақтары, бірлескен шығармашылық істер атқарылды.

Міне, үш жыл қатарынан Екібастұз өңірінде теңдесі жоқ  «Шіркін, life»  жазғы жобасы жұмыс істеп келеді.  Шын мәнінде бұл жай ғана жазғы жоба емес, бұл одан да маңызды іс болып табылады. Бұл жобада - отбасының, мектептің бірлігі, ұрпақтардың, этностар мен  әлеуметтік қоғамның сабақтастығы айқындалады.  Жобаны іске асыру үшін педагогтар балалар мен ересектер үшін  тартымды шығармашылық құндылықтар мен мерекелік көңіл-күйді  тоғыстыратын шаттық-думанды ойлап табады! Бұл жоба қала мен ауыл мектептерінің балаларын бір арнаға тоғыстырады. 

«Екібастұз балалар қоры» үкіметтік емес ұйымы жобаны қаржыландыруды қамтамасыз етті. Әр қатысушы балмұздақ пен тәтті сыйлықтарға ие болса,  соңында  –жүлделер алды.

Жобаны іске асыруда Екібастұз қаласы Достық Үйінің жеті этно-мәдени бірлестіктері, үкіметтік емес ұйымдар,  меценаттар, ата-аналар қауымы  белсене  қатысты.

Қала мен ауыл балалары  ұнататын «Тамаша күн»  акциясы да қызықты өтті. Ауылдық округтердің балалары мен қыздары танымдық-ойын-сауық бағдарламасына: қалаға экскурсия жасау, бассейн-хауызға, қалалық мәдениет және демалыс  паркіне бару, концерттік және ойын бағдарламаларын тамашалау, қызығушылығы бойынша шеберлік-сағаттарына қатысты. «Тамаша көңіл-күй мерекесі» театрландырылған көрініс  сол күннің шарықтау шегі болып табылды.

«Аула клубының жазғы портреті» - деп аталатын 14 аула  клубы жұмыс істейді. Балалар қаланың шағынаудандарындағы ойын, спорттық және үгіт алаңдарындағы шараларға  белсене қатысады. Жазғы жоба аясында аула   клубтарының жасөспірімдері арасында спорттың алты түрі бойынша шағын олимпияда ойындары өткізілді. Тамыз айында дәстүрлі түрде аула командалары арасында «Былғары доп», «Жаңа толқын» денсаулық фестивалі, «Денсаулыққа жол»   акциясы өтеді. 

Қала сыртындағы және мектепалды лагерлерінде балаларды сауықтырудың дәстүрлі түрлері де назардан тыс қалмайды.

Ағымды жылы жергілікті бюджет  есебінен  347 жолдама сатып алынса, бюджеттен тыс қаржы есебінен  халықтың әлеуметтік  қорғалмаған бөлігінің балалары үшін қала сыртындағы лагерлерге 90 жолдама сатып алынды. Қала сыртындағы лагерлерде барлығы 677 бала демалуда. Кәсіподақ ұйымының қаржысы есебінен  900-дан аса бала дем алатын болады.  

Күндізгі мектепалды сауықтыру  лагерлерінде аз қамтамасыз етілген отбасыларынан  675 бала дем алды. Барлығы 4 маусым бойынша  3000-нан аса бала мектепалды сауықтыру  лагерлерінде дем алды.

Екібастұз қаласының ІІД есебінде тұрған жасөспірімдерге баса назар аударылуда. Олар үшін мектептердің жанынан кешкі уақытта «Ашық әлем» бос уақытты өткізу орталықтары ашылды. 900-ден астам жасөспірімге  өздерінің мүмкіндіктерін спорт және  тренажер залдарында, ойын алаңдарында, компьютер сыныптарында  жетілдіруге жол ашылды.  Әр балаға жұмыспен қамтылудың жеке  картасы әзірленді және  педагогтар арасынан тәлімгер бекітілді. Құқыққорғау органдарының, сондай-ақ жергілікті атқарушы құрылымдардың өкілдері бұл шараларға белсене қатысады.  Бұл кешен жылсайын жазғы каникул кезінде жасалатын қылмыс санын төмендетуге септігін тигізеді. 

Ағымды жылы  жаз уақытында оқушылардың еңбектерін ұйымдастыру  жұмысы қаралды. Білім мекемелерінің жандарынан үш бағыт  бойынша оқушылардың  Жазғы Еңбек Отрядтары (ТОШ) құрылды: 9-10 сынып оқушыларының арасынан  жөндеу бригадалары,  5-8 сынып оқушыларының  мектеп жанындағы тәжірибе учаскелерін көгалдандыру бойынша бригадалар және 14 жасқа дейінгі  жасөпірімдер арасында  оқушылардың еңбек  отрядтары құрылды.  Оқушылардың еңбек  отрядтарына  түрлі санаттағы  600 жасөспірім орналасты (жетім балалар, толық емес отбасынан, КТБ-де есепте тұрған қолайсыз отбасыларының балалары), олар үш маусымда жұмыс істеді. Оқушылармен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес  еңбек шарттары жасалады.

Қалалық және облыстық мәслихаттардың  депутаттық  корпусының қолдауымен 14 жастағы   1000-нан аса  жасөпірімдер қаланың кәсіпорындарына жеке  жұмыспен қамтылды. Соның ішінде депутаттармен жұмысқа орналасқаны- 69 оқушы, ата-аналарымен орналасқаны  122 оқушы, мектептер арқылы – 595  оқушы                          (2012 жылы жеке  жұмыспен қамтылғаны 522 оқушы). «Грань»,  «ГРЭС-1», «ГРЭС-2» ЖШС, «Тілек» және  «Болат» шаруа қожалықтары, «Керемет - азия» ЖШС, денсаулық сақтау және білім беру мекемелері және т.б.  жұмыс беруші болып табылады. Барлығы  28 кәсіпорын мен шаруа қожалығы  тартылды.

 «Жаз life - 2013» бағдарламасын жүзеге асыру Екібастұз өңірінің балаларына көптеген жарқын істер мен сауығуына, дем алуларына және жаңа оқу жылына тамаша көңіл-күймен дайындалуға әсер етеді.

 

Білім бөлімінің

бас маманы

 Н.Зеленкевич