Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Қызметті өзің ал!» акциясы басталды

Бүгін Екібастұз қаласы  әкімдігінің кіші залында  «Электронды үкімет» «e-gov» веб-порталын жариялау мақсатында «Қызметті өзің ал !» акциясы басталды.

Бұл акцияға қала басшысы  Қ.Нүкенов, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдардың әкімдері, мемлекеттік қызметшілер мен Мемкорпорация өкілдері  қатысты.

Акция барысында Мемкорпорация  қызметкерлері қатысып отырғандарға «Электронды үкімет» «e-gov» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі жөнінде  нұсқаулықтар берді.

Акция барлық елді мекендер мен  әкімдіктің дербес бөлімдерінде  жалғасатын болады, оған қаланың барлық азаматтары қатыса алады.

Қазіргі қоғамда әр тұрғын үйден шықпай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық үкімет порталы арқылы өздігінен алуға үйрену керек.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «e-gov» веб-порталы арқылы алу ол өте ыңғайлы, жайлы және қолжетімді!