Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Оспанова Гульсум Амангельдиновна: Жаңа ойын алаңы ескісінен де қауыпті

Сәлеметсіз бе, әкім мырза! Біздің аулаға жуырда ғана жаңа, заманауй ойын алаңын әкеліп орнатты. Әрине жаңаның аты жаңа ғой. Балалардың қуаныштарында шек болмады. Бірақ қуанышымыз көпке ұзамады. себебі мынандай, орнатылған ойын снарядтары дұрыс бекітілмеген. жұмысшылар қазып-қазып сол күй тастап кетіпті. Бригадирлері фотоға түсіріді - түсірді кетті. Артынан жұмысшыларыры да іздерін суытты. сол күйі жоқ. Сонда бәлен жүз мыңға алынған алаңды неге адам сияқты орнатпай кетті? Істелінге жұмыс үшін жауапкершілік деген қайда? Тегін істеген жоқ қой! Енді алаң бос тұр, балалар ойнауға қорқады. Ондай жаңа алаң не керек? Жуық арада осы жағдайды шешуге ат салысарсыз. Рахмет.

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына Строительный көшесі 88 үй мекенжайы бойынша балалар ойын алаңқайын орнату мәселесі бойынша жазған өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

«Болашақ Строй» ЖШС мердігерлік ұйымымен көрсетілген мекенжайға жаңа балалар ойын алаңқайы орнатылды.

Мердігерлік ұйыммен кепілдік міндеттер аясында болттарды қатайту орындалады.