Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің мәжілісі өтті

2017 жылғы 28 қыркүйекте  қала әкімі Қ.Нүкеновтің  төрағалығымен, қала әкімдігі мүшелерінің, қаланың мемлекеттік органдары, қоғамдық ұйымдары мен кәсіпорындары басшыларының қатысуымен Екібастұз қаласы әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті.

         Күн тәртібінде  «Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және қарсы іс-қимыл бағытында қабылданып  жатқан шаралар туралы  мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  Д.Амантай сөз сөйледі.

         Екінші «Ветеринарлық-алдын алу іс-шараларының жоспарын орындау туралы» мәселе жөнінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы К.Х.Турумтаев баяндады.

          Баға белгілеу және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау жағдайы туралы «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Б. Бейсембаев сөз сөйледі.