Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті салық төлеушілер!

Құрметті салық төлеушілер! Қазақтсан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашасындағы №405-V "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңына (әрі қарай-Заң) сәйкес 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер және жеке кәсіпкерлер Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды (әрі қарай - МӘСҚ), жарналарды есептеуге (ұстап қалуға) міндетті. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің 2016 жылғы 31 қазанындағы № 579  "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 25 желтоқсанындағы  № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығында бекітілгендей міндетті салық есептілігінің (200.00, 910.00, 911.00, 920.00) нысанында көрсетілуі керек.

Сонымен, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер МӘСҚ аударымдарды өзі үшін төлеп салық есебінің 911.00 нысанында (патент құнын есептеп) көрсету қажет; егер жеке тұлғамен азаматтық-құқықтық келісім-шарт жасалған жағдайда, жеке тұлғаның табысынан МӘСҚ аударымдарын бекітілген мөлшерге сәйкес ұстап, есептілік кезенінің келесі айының 25 дейін аударып, салық есептілігің 200.00 нысанында берілген кезеңі үшін көрсетілуі тиіс.

Осыған сәйкес, жоғарғыда көрсетілген ҚМ № 579 бұйрығымен бекітілгендей, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын  салық төлеуші 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін  салық есептілігінің 911.00 нысанын қолданыстағы нысанға сәйкес (МӘСҚ есебінсіз), ал 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа нысанға (МӘСҚ есебімен) сәйкес тапсыру қажет. Салық төлешілерге, егер 2017 жылға патент алған болса, ағымдағы жылдың  1 шілде  салық  есептілігінің 911.00 ныснын ұқсас уақыт кезеңімен "қосымша" есебін жолдау қажет. Берілген заң нормалрын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап  келесі реквезиттер қолданылады:  Алушы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ; бенифицардін БСН160440007161, ИИК KZ92009MEDS368609103, БИК GCVPKZ2A, БСЖ 904101 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылымдар», ТПК 121 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары,  ТПК 122 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар, ТПК 123 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл, ТПК 124 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл.

Егер аударымдар төлембесе немесе уақытылы төлембесе ескерту жасалады. Бір жыл ішінде берілген іс-әрекет бойынша қайта әкімшілік бұзушылық жасалса төленбеген аударымдардың есебінен коммерциялық емес ұйымдарға және шағын кәсіпкерлерге 20 пайыз есебінде, орта субъектідегі кәсіпкерлерге 30 пайыз есебінде, ірі субъектідегі кәсіпкерлерге 50 пайыз есебінде айыппұл салынады. Берілген ақпарат бойынша сұрақтарыңыз болса, Екібастұз қаласы мемелкеттік басқармасының 202 кабинетіне жүгінуге болады.