Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы

2017 жылдың 28 қыркүйегінде Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында қала әкімі Қайрат Нүкеновтің төрағалық етуімен құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді.

         Отырысқа қалалық ведомствоаралық комиссияның мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімдігі бөлімдерінің және қала мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.

         Күн тәртібі бойынша «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы», «Қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мен ашу жөнінде қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы», сондай-ақ «Екібастұз  қаласы жергілікті атқарушы органдарының   мемлекеттік қызмет және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының нәтижесі туралы» мәселелер қаралды.  

          Отырыстың қорытындысы бойынша комиссия төрағасы – қала әкімі енгізілген ұсыныстарды ескере отырып қаралған мәселелерге қатысты тапсырмалар берді.