Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есепті қоғаммен талқылау ХАТТАМАСЫ

Ақкөл ауылы   №  1                                                                                                                  2017 жыл «24» наурыз

Төрағалық:  Бақтияр Қабдрашитұлы Ахтаев –Ақкөл ауылдық округінің әкімі.

Қатысқандар: қызмет алушылар.

Барлығы –22 адам.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

1. «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  2016  жылы  көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы  есебі.

 Баяндаушы: Жақсылық Боранбайұлы Истаев– жетекші маман.

2. Есепті талқылау.

Б.Ахтаев -  Ақкөл ауылдық округініңәкімі:  - Күн тәртібінің бірінші мәселесі  бойынша  Сөз баяндаушы Жақсылық Истаевқа беріледі.

Ж.Истаевтың баяндамасы. (Баядама қоса беріліп отыр).

Б.Ахтаев :  Жақсылық Боранбайұлына көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы  сұрақтарыңыз бар ма?

Н.Абильшаихова : Менің балам 2 жасқа толды  мектептен шағын орталығына беру үшін, ауыл әкімшілігінен жолдама керек  дейді. Осы  жолдаманы қалай алуға және қаңдай құжаттар қажет?

Ж.Истаев : Жолдаманы ауыл әкімі аппаратынан  жұмыс күндері алуға болады. Өтініш жазу  және баланың  туу туралы куәлігімен мемлекеттік көрсетілетін  қызметті алушының төлқұжаты қажет.

Б.Ахтаев :  Тағы сұрақтарыңыз бар ма? Егер сұрақтарыңыз болмаса Ж.Истаевтың есебі назарға алынсын.

Күн тәртібінін екінші мәселесі бойынша есепті талқылау қажет. Кімнің қандай ұсыныстарымен пікірлері  бар.

Р.Жуманов : Мал тапсыру үшін анықтамаларды уақытында алып тұрамыз,  ешқандай ұсынысымыз жоқ.

Қоғамдық талқылау нәтижесі бойынша «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  ұсынылды:

-  Көрсетілетін мемлекеттік қызмет уақытылы көрсетілсін.

 

 

Ақкөл ауылдық округінің әкімі                     Б.Ахтаев