Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз гарнизоны жемқорлыққа қарсы

Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекетке деген сенімді шетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады.

Павлодар облысының төтенше жағдайлар Департаментімен заңнамаға сай және тәртіп бұзушылық, азаматтық қорғаныс жүйесінде жемқорлыққа қарсы шаралар  ұйымдастырылып  іс жүзінде жұмыстар жүргізілуде.

Бірінші басшылардың және жеке құрамның жемқорлыққа қарсы заңнаманы ұстануы туралы тәртіптің орындалуына деген жауапкершілік күшейтілді. Бұқаралық ақпараттық құралдарында Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының сенім телефондары жөнінде ақпарат, жемқорлыққа қарсы тақырыбына арналған мақалалар жиі шығарылады. Жеке құраммен жемқорлыққа қарсы заңнаманы ұстануы туралы сұхбаттар, сабақтар, дәрістер және жемқорлық құқық бұзушылыққа тәуелділігі жоғары қаупі бар тізбесіне енгізілген лауазымды қызметшілермен семинар - жиналыстары өткізіледі.

Аталмыш құқық бұзушылыққа Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің тәуекелділігі жоғары, өйткені ол - кәсіпкерлерден, мемлекеттік объектілерден және сол сияқты тағы басқалардан болуы мүмкін.

Пара алу қаупі Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметшілері түрлі тексеру жұмыстарын жүргізу барысында болуы мүмкін. Сондықтан Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инспекторларына жемқорлықтың алдын алу мақсатында жемқорлық заңнамасының тақырыбы бойынша сабақтары жүргізіледі және жемқорлыққа қарсы атты ескертпе барлық инспекторлардың кеуде қалталарында жүреді.

Жемқорлық әдеттегідей жүйелік мәселе, тек қана Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөліміне ғана емес, сондай-ақ басқада мемлекеттік органдарға да қатысты. Сондықтан соңғы жылдары мемлекеттің бірінші кезеңдегі басты мәселесі жемқорлыққа қарсы жұмыс.

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы жемқорлыққа қарсы қызмет барысында Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын және Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі «Бесінші басымдық. Институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес» жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын қолданады.

Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде емес, түбімен жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек.

Жемқорлыққа қарсы жұмыстарды насихаттауды жүргізуді нығайту барысында Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасымен бұқаралық ақпараттық құралдарына 16 рет шыққан.

Жемқорлықтың алдын алу үшін Екібастұз қаласы «Нұр Отан» ЕҚФ партия төрағасының бірінші орынбасары С.А. Гладышеваның қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.

 Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы жемқорлық қауіп қатерін талдап, жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіп және жоспарлайды. Бұл Екібастұз гарнизонында жемқорлыққа қарсы негізгі бағыт.

 

Д.Байсанбаев,

 Екібастұз қаласы

төтенше жағдайлар басқармасы

бастығының орынбасары,

подполковник