Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova.ae@pavlodar.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурсты жариялайды

Қазақстан Республикасы   Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің   2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығына сәйкес.

1. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ бас инспекторы-ақпараттық жүйелер бойынша әкімші (бала күтіміне байланысты демалыс кезеніне), Е-3 санаты (№01-1-07), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 102436,96 теңгеден 138248,26 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қала әкімі аппаратында «электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру;қала әкімі аппаратының, әкімдіктің дербес бөлімдерінің, ауылдық округ, кенттер әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін оқытудың ұйымдастырылуын бақылау;оқу үрдісін ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету, тыңдаушылардың тізімін жасау;  оқу кестесінің-жоспары, тоқсан сайын компьютерлік сыныптар саласында оқығандар саны туралы ақпараттық анықтама беру;материалдық құндылықтардың (компьютерлердің,құрал-жабдықтардың, мұқаммалдардың, жиһаздардың) сақталуына толық материалдық жауапкершілік;  компьютерлік жүйелердің пайдалануын бақылауды жүзеге асыру; компьютерлік жүйелердің құрал-жабдықтарын пайдаланушылар үшін нұсқау әзірлеу және нұсқама жүргізу.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі (білім саласында: информатика, техникалық ғылымдар және технологиялар саласында: автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және коммуникация мәселелері жөніндегі басшының орынбасары, E-R-2 санаты (№02-03-01-3), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 127421,58 теңгеден 172393,91  теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Сектордың қызметін үйлестіру және жетекшілік ету. 003 -«Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру»; 012-«Сумен жабдықтау және суды бұру жүйесінің қызмет етілуі», 026 -«Коммуналдық меншіктегі  жылу желілерінің пайдалануын ұйымдастыру», 458-065-00 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құру және жоғарлату» бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу. Энергия-, су-, жылумен жабдықтау мәселелері, коммуналдық меншіктегі объектілерді күзгі-қысқы уақыттағы жұмысқа дайындау. Қаланың коммуналдық шаруашылық кәсіпорындармен жедел жұмыс істеу. Энергияны үнемдеу және энергия тиімділікті жоғарлату мәселелері бойынша  шұғыл жұмыс атқару. Тұрғын үйді есепке алу және бөлу  саласындағы шұғыл басқару мәселелері. Тіркеуші органда Бөлімнің  мүддесін қорғау. Қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыс ұйымдастыру. Құзыреттілік бағыттағы қызметтер бойынша, Бөлім  қызметінің құзырына жататын мәселелер бойынша жиналыстар мен штабтарға қатысу. Құзыреттілікке жататын мәселелері жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезде  заңнама талаптарын сақтау және олар бойынша шешімдер қабылдау. Қызықтырған сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғаларды қабылдау. Бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын, қарарын  орындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылым және технологиялар саласында; құқық саласында).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

       4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

      6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

** Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

3.«Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ бухгалтерлік есеп және есептілік секторының меңгерушісі (бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне), E-R-3 санаты (№02-01-01-5), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 96607,22 теңгеден 129920,05 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Сектор мамандарының қызметін үйлестіру және бақылау, олардың лауазымдық нұсқаулығына сәйкес жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бөлу, бухгалтерлік есеп және есептілік секторының жұмыс жопарларын әзірлеу, ұсыну және есептілікті ұсыну. Кассалық және деректі шығыстарды есепке алу, басқа да дебиторлар мен кредиторлардың, есеп беруші тұлғалардың есептерін, негізгі қаражаттар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу кітабын жүргізу, Басты-Журнал кітабын жүргізу және «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалары бойынша айналым тізімдемесінің құрылуын бақылау. Еңбекақы бойынша есеп жасау-төлем тізімдемесінің құрылуын, еңбекақының карт-шотқа аударылуын,  «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларын орындау жөніндегі айлық, тоқсандық, жылдық есептіліктің құрылуын бақылау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік сатып алуларды өткізу. Қала бюджетінің орындалуы бойынша бюджеттік есептің жүргізілуін бақылау. Екібастұз қаласы бюджетінің атқарылуы және мемлекеттік сатып алулар жөніндегі  айлық, тоқсандық, жылдық есептіліктің құрылуын бақылау. Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарларын орындау жөніндегі  айлық, тоқсандық, жылдық есептілік пен кредиторлық және дебиторлық берешектерді орындау жөніндегі есептерді қабылдау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік өтінімдерді жоспарлау және құру. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту, енгізу бойынша қаулылар жобаларын дайындау. Тиісті уәкілетті органдарға есептілікті уақытылы ұсыну. Хаттар мен өтініштерді уақытылы және сапалы қарастыру, және сектордың құзыреті шегінде сол бойынша жауаптарды дайындау. Бөлімнің интернет-ресурсына ақпаратты толық, сапалы және уақытылы орналастыруды қамтамасыз ету. Қызметтік міндетті орындау кезінде алынатын мәліметтер мен ақпараттарды, және құпиялықты қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауды құпияда сақтау. Ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтау.    

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы: экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің бар болуы.**

** Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 2-қосымша

 

___________________________

___________________________

        (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені__________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

  Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________

__________________________________________________________________

 

   __________                               ____________________________________

         (қолы)                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 3-қосымша

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

_______________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

 

_______________________________________________

лауазымы, санаты (болған жағдайда)

_______________________________________________________

ФОТО

(түрлі түсті,

3х4)

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР

1.        

Туған күні және жері

 

2.        

Ұлты (қалауы бойынша)

 

3.        

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы

 

4.        

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)

 

5.        

Шетел тілдерін білуі

 

6.        

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда)

 

7.        

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)

 

8.        

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)

 

9.        

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі

бағасы көрсетіледі (мемлекеттік қызметшілер толтырады)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Күні

 

Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері

қабыл-

данған

боса-тылған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

   _______________                                      ______________________________
    Кандидаттың қолы                                                           күні