Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бақшалық өнімдерді іске асыру, тағаммен уланулардың, сжіті ішек инфекциялардың алдын алу туралы

Пайдалы қасиеттерге ие болумен қатар жасырын қауіп төндіретін көкөністер, жемістер, бақшалық өнімдер жазғы кезеңнің келуіне байланысты аймақта іске асырылады.

Ерте піскен, пісудің барлық сатысынан өтпеген көкөністерде, бақшалық өнімдерде тиісті деңгейден артатын және адамда тағаммен улануды тудыратын нитраттар жиналу мүмкін.  

Қауіпті нитраттардың жиналуына бірден бір себеп –азот құрамды минералдарды және органикалық тыңайтқыштарды артық қолдану болып табылады.

Аса нитрат құрамды болып орамжапырақ, шалғам, қызылша, қияр, баялды және т.б. саналады. Ерте піскен бақшалық өнімдер: қауын мен қарбыздар да жатады.

Іске асыру шаралары сақталынбайтын, сапа мен қауіпсіздікті растайтын құжаттары жоқ апатты сауда орындарында, автожол трассаларында бақшалық өнімдерді сатып алғанда нитраттармен улану тәуекелі ұлғаяды.

Тұтынушылардың тағам өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тағаммен уланулардың, жіті ішек инфекциялардың алдын алу мәселелері жөнінде  құқықтық сауаттылығын, ақпарат етілуін арттыру мақсатында, Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті азық-түліктердің, көкөніс өнімдерінің апатты сауда орындарында  «Нитраттарсыз өмір!» ұранымен 2017 жылғы 10 шілдеден бастап 10 тамыз аралығында облыстық науқанды жүргізу жарияланды. Науқан барысында тағам өнімінің қауіпсіздігі мәселесі жөнінде сауалнамалар, жадынамалар өңделді.

Нарықтарда, апатты сауда орындарында науқан апта сайын жүргізіледі. Науқан кезінде тұтынушыларға сатып алынған көкөніс өнімді және бақшалық өнімді нитраттар құрамына экспресс-зерттеуді жүргізу мүмкіндігі ұсынылады.

Құрметті тұрғындар, жылы жайдағы өсімдіктерде табиғи жағдайда піскен өнімдерге қарағанда нитраттар мол болады. Сондай-ақ өнімдерді жарықтарымен, соғылған түрде сатып алмаған жөн, өйткені сол жерде нитраттар ауамен байланысады да нитриттерге айналады.

Сонымен қатар өнімдерді әзірлеу алдында оларды жақсылап өңдеген дұрыс. Оларды жылы ағынды су астында бірнеше минут жуыңыз, осылайша сіз 10-15% нитраттан құтыласыз. Осыдан кейін 2 сағат бойы лимонды шырын қосылған суда ұстаса – бұл зиянды заттардың 20-30% -нан құтылуға мүмкіндік береді.

Жалпы көкөністерді пісірілген немесе бұқтырылған түрде  қолданған жөн, ең бастысы термиялық өңдеуден өткен дұрыс, өйткені дәл осы ретте олардың құрамындағы көптеген нитраттар шыға бастайды. Салат пен шырындарды әзірлегеннен кейін бірден қолданған дұрыс, өйткені ұзақ сақталған уақытта нитриттердің туу үрдісі тездетіледі.

Осы ұсынымдарды ұстансаңыздар, Сіздер өзіңізді және өз жақындарыңызды нитраттармен уланудың зиянды салдарынан сақтайсыздар. Дендеріңіз сау болсын!

 

Бас маман

А.К.Ильяшева