Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Павлодар облысында «Құпия сатып алушы» жобасының іске асырылуы туралы

2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет Басшысының жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарларын анықтау және жою жұмысын күшейту қажеттілігі ерекше көрсетілген, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық қоғамдардың белсенді қатысуына аса көңіл бөлінген.

2017 жылғы мамыр айынан бастап тамыз айына дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы Орынбасарының тапсырмасы бойынша Павлодар облысында «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық мониторинг жүргізілді. 

«Құпия сатып алушы» әдісі -  қызмет көрсету сапасын арттырудың әмбебап және өте тиімді құралы. Қоғамдық бақылаудың мақсаты қоғамның өкілдерімен мемлекеттік қызмет көрсетуде жасанды әкімшілік кедергілерді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болды.

            Тексеріс кезіндекелесі тұлғалардың бар болуына назар аударылды, мемелекеттік қызмет көрсету процесін тездетуге және құжаттарды жинастыруға заңсыз көмек көрсеткендер, күту жерлерінде ақпараттық стендтердің бар болуына, стандарттарды және регламентті орналастыру, сенім телефон нөмірі, кеңес беру, әдепке жатпайтын қылық көрсету, шектеулі мүмкіндіктерге ие тұлғаларға жағдай туғызу.

            Жобаны іске асыру кезеңінде Департамент Павлодар облысының мекемелеріне, сонымен қатар Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары, Ертіс, Успен аудандарының мекемелері мен мемлекеттік органдарына 74 сапары жүзеге асырылды. Бақылау  жергілікті атқарушы, сонымен бірге  аумақтық мемлекеттік органдарда жүргізілді. Жоба барысында аудио және бейне жазбалар жүргізілді.

Заңды бұзушылықтың 48 фактісі анықталды, оның негізгі бөлігі қызмет алушылар орналасқан жердегі ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы көкейкесті емес ақпаратты орналастыру фактілерімен және орынсыз кеңестер мен орынсыз жұмыс кестесін орналастыру және сәйкесінше оны орындамау фактілерімен байланысты.

Мемлекеттік органдарға анықталған бұзушылықтар туралы ұсыныс хаттар жолданды. 

            «Құпия сатып алушы» қоғамдық мониторинг әдісі тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мониторинг кезінде алынған мәліметттер тұрғындардың мүддесін қанағаттандыру үшін мемлекеттік қызметкерлердің едәуір жауапкершілік қатынасы үшін жіберілетін нүктесі болып табылады.

 

  

А.А. Волченко жұртшылық әлеуметтің өкілі,

А.К. Каир Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет

істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігі Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет

көрсету басқармасының бас маманы